Жаңалықтар

Мемлекеттік Туды балкондарға ілуге рұқсат етілмек

Мемлекеттік Туды балкондарға ілуге рұқсат етілмек

Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік Туды пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізуді көздейді. Мемлекеттік Ту көлбеу түрде, 3 метрден төмен емес биіктікте орналастыруға рұқсат етіледі. Мемлекеттік Ту 1х2 метр өлшемде болуы тиіс. Бұған қоса қаулының жаңа тармағына сәйкес, мына әрекеттер Туды қорлау болып саналады: жырту, жағу, өртеу, қасақана жерге тастау, таптау, қоқысқа лақтыру; коллаж жасау арқылы мемлекеттік туды қорлау, тыйым салынған және мақсатқа сай емес жерлерде пайдалану, әлеуметтік желілерді қоса алғанда мемлекеттік Туды көпшілік алдында мазақ ету, балағаттау. Қаулы 27 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.