Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады
- авторjambylinfo.kz
- 22 ақпан, 2023
- 463
Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады
Мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеу конкурсына қатысатын үміткер сынақтың 4 кезеңінен өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Спикер ұсынған мәліметке сай, тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылған. Сондай-ақ, іріктеу конкурсына қатысатын үміткер келесі кезеңдерден өтеді:
1. Жеке қасиеттерін бағалау;
2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау;
3. Эссе жазу;
4. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесуден өту.
Азамат Жолманов айтуынша, үміткерлерді лауазымға жаңа жүйемен іріктеу 1 наурызда басталады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз