Мемлекеттік қызметшілер журналистердің сауалдарына жедел жауап беруге міндетті болады
Мемлекеттік қызметшілер журналистердің сауалдарына жедел жауап беруге міндетті болады
Мемлекеттік қызметшілердің журналистік сауалдарға жауап беру уақыты жеті күннен 3-5 күнге дейін қысқарады. Орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға басқа да түзетулер әзірленді. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектейтін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады», - деді министр.