Мемлекеттік қызметшілердің табысы мен шығыны бақылауға алынуы мүмкін
Мемлекеттік қызметшілердің табысы мен шығыны бақылауға алынуы мүмкін
Мәжіліске түскен заң жобасында шенеуніктердің табысы мен шығыны арасында айырмашылық байқалса, оларға санкция салынатыны көрсетілген. Ал шығын мен кіріс арасындағы табыс мемлекеттік қызметкердің жылдық табысынан асып кетсе, ол қызметінен босатылады. Бақылау мемлекеттік қызметкердің декларациясына ғана емес, туыстары мен отбасы мүшелерінің шығынына да жүргізіледі.