жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: бірлескен жобалардың тиімділігі назарда

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: бірлескен жобалардың тиімділігі назарда
ашық дереккөзі
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: бірлескен жобалардың тиімділігі назарда
Елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ұтымды әрі тиімді тәсілдермен игеру қолға алынып отырғаны белгілі. Бұл - бүгінде ел экономикасын жаңа белеске көтеруге, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді ірі инвестициялық жобаларға тарта отырып, мемлекетпен бірлесе бизнесті жаңа белестерге шығаруға септесетін үлкен жобалардың бірі. Орасан зор әлеуетке ие мұндай дамыту тетігі іске қосылғанымен, жетілдіруді талап етеді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуметтік маңызы бар салаларда жүзеге асырылып келеді. Билік пен жеке сектор арасындағы байланыста ең алдымен бірлескен жобалардың тиімділігіне басымдық берілуі керек. Бұл орайда өңірімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобалар қалай жүзеге асуда? Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, осы бағытта жүзеге асуы тиіс жұмыс көп, тиісті мерзімде орындалмаған тапсырмалар да аз емес. Нақтылы кезеңде, облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы құны 10,9 миллиард теңгені  құрайтын 70 жоба іске асырылып, 8,6 миллиард  теңгеге  мемлекеттік міндеттемелер қабылданған. Оның ішінде 34 жоба жеке әріптестің шығындарын толық өтеуді, 1 жоба ішінара өтеуді қарастырады. Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сай өңірдің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша лимиті 2022 жылға 54,4 млрд. теңге сомасында бекітілген.  Тараз қаласында - 14, Жуалыда - 12, Шуда - 10, Байзақта - 9, Жамбыл, Меркі аудандарында - 8, Таласта - 3, Қордай, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында 2 жобадан іске асырылған. Мойынқұм ауданында бүгінгі күнге дейін бұл бағытта ешқандай жоба жүзеге аспаған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сала министрлігінің тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізіліп, 54 жоба бойынша ескертулер беріліпті. Ескертуден нәтиже шығару жағы да  көңіл көншітпейді. Жоғарыда аталған 70 жобадан бөлек облысымызда тағы  18 жоба іске асыру және қарастыру сатысында. Оның ішінде: білім саласы бойынша 14, оның 9 жобасы – конкурс сатысында, 4 жоба бойынша конкурстық құжаттамаларға түзетулер енгізілуде, 1 жоба – орта мектеп салу. «Энергетика саласында 9,7 миллиард теңге бойынша жобаны  іске асыруға  ұсыным түсті. Жобаның сметалық құны алдын ала есептеулер бойынша 12 миллиард теңгені құрайды. Жобаны  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру мүмкіндігі бар», - дейді С.Абдралиева. Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу тапсырмасын орындау аясында облыс орталығы мен Қордай ауданында 2 мектептің құрылысын мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында іске асыру ұсынылыпты. «Базис-А» ЖШС ұсынған 1200 орындық мектеп құрылысының құны 5,6 миллиард теңге болса, бюджеттік инвестициялық жоба  ретінде іске асыру құны 3,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл орайда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру сомасына кіретін шығындарды ескере отырып, жобаны іске асырудың тиімді механизмін таңдалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте жекеменшік иелерінің де салған қаржысы болуы және бюджет қаржысы бөлінген соң жобалардың тиімділігі де маңызды екендігін естен шығармауымыз керек. Мәселен, өңірде білім, спорт салалары бойынша салынатын нысандардың құны қомақты. 1200 орындық бір ғана білім ордасына 3,7 миллиард теңге бөлу де бұл саладағы бейберекетсіздікті, жүйесіз жұмысты көрсетсе керек. Кәсіпкерлер мемлекеттің ғана қаржысына иек артпай, жауапты мекемелер жекеменшіктің де әлеуетін пайдалануы тиіс. Бизнесті қолдауға қатысты мемлекет тарапынан қомақты қаржы ресурстары бөлініп келеді. Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған шаралар тек бір тараптан ғана болмай, кәсіпкерлік тарапынан да әрекеттер қажет-ақ. Шынар САҒИЕВА
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар