Жаңалықтар

«Мен де ағаш ектім»: министр қандай жағдайда мұғалімдер сенбілікке шығатынын айтты

Оқу-ағарту министрі педагогтерге ескерту жасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, былтыр мұғалімдер сенбілікке шығару мәселесі бойынша көп шағымданған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Мектептің ауласы болса бұл басқа әңгіме.  Балаларды біз еңбекке баулуымыз керек. Мұғалімдер оны жеке үлгіде көрсетуі керек. Байқап жүрсеңіздер, мен де мектептің ауласына барып, ағаш отырғыздым. Бұл жастарды еңбекке баулуға қажет дүние. Бірақ бұл мектептің ауласы емес, мектептен тыс, оған қатысы жоқ жерлерге тарту, бұл меніңше, мұғалімді негізгі өзінің функциясынан алаңдатады. Мұғалімнің басты міндеті – балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Одан басқа дүниелерге оларды алаңдата берудің қажеттілігі жоқ", - деді Оқу-ағарту министрі.