Мен Ресей президентін қолдаймын - Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев
Мен Ресей президентін қолдаймын - Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев
Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев “Азаттық Радиосына” берген сұхбатында Ресей президентін қолдайтынын ашық айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сондай-ақ, ол Украина мен Ресей арасындағы соғысты “арнайы операция” деп атады.
Депутат қазір Украинаның билігінде нацистер отыр деп ойлайды. Одан бөлек ол өзі сияқты ойлайтын 2-3 әріптесі бар екенін де жасырмады.
Айта кетейік, Азамат Әбілдаев оппозициялық “Ақ жол” партиясының мүшесі.
Ресейшіл депутат туралы Азаттықтың журналистері партия төрағасы, депутат Азат Перуашевтен сұрады.