дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Менің курстасым еді"- Министр Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мирус Құрмашев жайлы сыр бөлісті

"Менің курстасым еді"- Министр Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мирус Құрмашев жайлы сыр бөлісті
ашық дереккөзі
"Менің курстасым еді"- Министр Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мирус Құрмашев жайлы сыр бөлісті
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында көзге жас үйіретін жазба қалдырды. Күні кеше Түркиядағы үйінді астынан денесі табылған Мірболат Құрмашевті еске алған министр отандасымыздың іскер маман, жақын дос, халқына жанашыр азамат болғанын еске алды, деп хабарлайды Jambylinfo  Azattyq Ruhy. сайтына сілтеме жасап. «Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді… Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус бауырымыздан айырылып қалдық…» - деп бастаған естелігін Бағдат Мусин. Айта кетейік, Түркияның Хатай елді мекеніндегі толық қираған үйдінің астынан екі қазақстандықтың денесі табылған. Бағдат Мусиннің айтуынша, қаза тапқандардың бірі – Мірболат Құрмашев кезінде «Astana Hub-тың» жұмысына тегін атсалысқан. «Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын. Дінге берік адам еді. Мағжан («Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев - ред) Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесін қосты», - дейді Бағдат Мусин Мірболат Құрмашев жайлы. Мусиннің айтуынша, марқұм Мірболат Құрмашев Қазақстанда бірнеше бизнес идеясын жүзеге асырғысы келген. Мусин назар аудартқан басты мәселе – Мирус курстасы министр болған кезде мемлекеттен көмек керек бірнеше жобасынан өз еркімен бас тартқан екен. Яғни, «курстасы министр болған соң, жобаларын жүзеге асырып жатыр» деген сөзге қалмау үшін стартаптарын шетелге әкеткен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар