Мереке күндері еліміз бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет атқарады

Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде
Мереке күндері еліміз бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет атқарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Наурыз мейрамы мерекелік концерттер мен көпшілік іс-шаралармен атап өтіледі. Осыған орай, қоғамдық тәртіпті сақтау ерекше назарда.
Тәртіп сақшыларының жұмысы арқасында қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйді алаңсыз сезіне алады.