Мерекеге орай «Алматы – Астана» бағыты бойынша пойыз ұлттық нақышта безендірілді

Этностильде сәнделген пойыздар наурыз айының соңына дейін қатынайды
Мерекеге орай «Алматы – Астана» бағыты бойынша пойыз ұлттық нақышта безендірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мерекелік күндері Алматы вокзалында ұлттық стильде безендірілген «Алматы – Астана» бағытына жүретін жолаушылар пойызы салтанатпен жолға шықты. Жолаушыларды ұлттық киімдердегі жолсеріктер қарсы алып, қуаныш сыйлады.
Оған қоса, музыкалық бағдарлама ұсынылып, жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ тартылды.