жексенбі, 30 наурыз, 2025 21:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мерекелік пойыздар жолаушыларға қуанышты көңіл-күй сыйлады

Мерекелік пойыздар жолаушыларға қуанышты көңіл-күй сыйлады
24kz
Перронда жолаушыларды ұлттық киімде киінген жолсеріктер жылы қарсы алды

Мерекелік пойыздар жолаушыларға қуанышты көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Наурыз мейрамына орай, Алматы вокзалынан ұлттық нақышпен сәнделген «Алматы – Астана» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты.

Қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін домбыра әуенімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама жолаушылар мен шығарып салушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, әр жолаушыға дәстүрлі наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

«Қарағанды – Астана – Бурабай курорты» бағытындағы қала маңы электр пойызы да жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Этностильде безендірілген осындай пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін тұрақты түрде жүріп тұратын болады.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар