Президент Әкімшілігінің және Меркі аудандық мәслихатының келісімі, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Жұмабекұлы 1986 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2008 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринарлық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының аға маманы болып бастаған.
2012-2017 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалында жетекші маман, бас маман;
2017-2020 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы;
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы;
2021-2022 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз