сенбі, 2 қараша, 2024 19:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Меркі ауданында 5 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Меркі ауданында 5 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Меркі ауданында 5 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
Жамбыл облысы Меркі ауданында ағымдағы жылы пайдаланусыз жатқан 10 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарланған. Жыл басынан бері жалпы ауданы 4885 гектар, оның ішінде 616 гектар жайылым, 4269 гектар тәлімді егістік жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Атап айтқанда, Ақермен ауылдық округіндегі «Меркі» асыл тұқымды зауыты АҚ-ның пайдаланылмай жатқан ауданы 3910 гектар егістік жері Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  2023 жылғы 05 сәуірдегі шешімімен және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 05 маусымдағы қаулысымен жер қорына қайтару туралы талабы қанағаттандырылды. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 12 маусымдағы ұйғарымына сәйкес, «SmartAgroKarkara» ЖШС-нің ісі бойынша, үш жақты келісім рәсімдері жүргізіліп, Кеңес ауылдық округінің аумағынан жалпы ауданы 265 гектар егістік жер телімдерін өз еркімен аудандық жер қорына қайтаруға бітімгершілік келісім бекітілді. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауылдық округі тұрғындарының тарапынан түскен арыздарына байланысты Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымына сәйкес, ауданы 15 гектар егістік жер сот тәртібімен қайтарылып, елді мекеннің ортақ пайдаланудағы жері болып белгіленді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар