Жаңалықтар

Меркі ауданында облыс бойынша алғаш рет пантамен емдеу орталығы ашылды

Меркі ауданында облыс бойынша алғаш рет пантамен емдеу орталығы ашылды

Меркі жеріне жанына шипа іздеп келетін жандар үшін «Меркі Радон» шипажайында жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Орталықта пантамен емдеу процедураларының ішіне термокүбі, буындарға қойылатын панталық қосымшалар, бет пен декольте аймағына панталы жасартатын маска, панталы микроклизма, пантокрин тұнбалары сияқты емдеу шаралары енеді. Пантамен емдеуге «Бурабай Даму» марал шаруашылығынан жеткізілетін табиғи емдік шикізат қолданылады. Жалпы пантамен емдеу – адам ағзазы үшін өте пайдалы саналады. Бұл мезгілсіз қартаюдың алдын алудың, иммундық жүйені нығайтудың, күйзелісті басудың және жүйке жүйесін қалпына келтірудің, ағзадан шлактарды шығарудың тиімділігі жоғары әдісі, сондай-ақ радикулитпен, буын ауруларымен, атеросклерозбен, жүрек ауруларымен күресудің қуатты табиғи құралы. Бас дәрігердің айтуынша, ашылғанына көп болмаса да қазірдің өзінде пантамен емдеу орталығына келушілердің қатары қалың және облыс пен республиканың аймақтарынан өтініш түсіріп жатқан азаматтар да баршылық.