Меркі ауданында "Ой шебері" зияткерлік ойынының жеңімпаздары анықталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 15 наурыз, 2025
- 206

Іс-шараның мақсаты - “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл жолғы ойынға 5 кітап оқуға міндеттелді. Олар: Ш.Мұртаза "Интернат наны", Б.Момышұлы "Офицердің күнделігі", Несіпбек Дəутайұлы "Кұдірет пен қасірет”, Əзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз”, Шырын Мамасерікова "Бақыт" өлеңдер жинағы. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік болды.
Ойынды Жамбыл облысы əкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы білім басқармасы, Меркі ауданы білім бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы ұйымдастыруда.
Білімділер байқауының шымылдық сөзін Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева алып, ақын, ұлттық мəдениетіміздің жаршысы Шырын Мамасеріковаға, “Ой шебері” зияткерлік ойынының ұйымдастырушысы Исламбек Дастанұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
"Ойында мен жазған "Бақыт" кітабын алғанына қуаныштымын. Қазіргі таңда, газет, кітап оқымайтын жастар өсіп келе жатыр. Осы шара арқылы балалардың кітап оқуға құштарлығы артып, өмірлік жолдарына азық болады" - деді ақын Шырын Мамасерікова.
Ойын тартысты өтіп, 8 топ блиц жарысқа қатысты. Нәтижесінде бесінші орынның "Спикер колонка" сыйлығын - №13 М.Мәметова атындағы мектеп пен Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейі, төртінші орынның бағалы сыйлығын № 17 Иван Трубицын атындағы мектеп гимназиясы, А.Тұрғымбаев атындағы №7 мектебі иеленді. Жүлделі ІІІ орын 300 мың теңге №44 мектеп гимназиясына, ІІ орын 400 мың теңге Тұрар Рысқұлов атындағы №20 мектебіне бұйырып, І орын 500 мың теңге, облыстық гранд финалына жолдама Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 мектебіне табысталды. Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хат үлестірілді.
Отбасы құндылығы-ортақ мүдде
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2025