Жаңалықтар
Меркі шипажайындағы әйелдің сөмкесінде бомба болған
- авторjambylinfo.kz
- 28 шілде, 2022
- 754
Меркі шипажайындағы әйелдің сөмкесінде бомба болған
Жамбыл облысында террорлық әрекет туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды.
26 шілде сағат 15:00 шамасында Тараз қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығына беймәлім адам қоңырау шалған.
Ол тұлға «33 жастағы әйелдің Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш зат салып бара жатқанын» хабарлаған.
Оқиға орнына жедел түрде жеткен аудандық полиция қызметкерлерімен аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат және күдікті азаматша анықталған жоқ.
Меркі полициясы мен ҰҚК қызметкерлерi террорлық әрекет туралы көрiнеу жалған ақпарат берген 41 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала