Жаңалықтар
Меркіде бір балабақшаға баратын 10 бала ауруханаға түсті
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 наурыз, 2025
- 60

Балабақшаның жұмысы екі күнге тоқтатылып, ғимаратта дезинфекция жүргізілуде.
Меркі ауылындағы мектепке дейінгі білім беру орталығының 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"17 наурыз күні Меркі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне "Нұрай" мектепке дейінгі оқу орталығының 10 тәрбиеленушісі жеткізілді. Олардың тоғызынан жедел ішек инфекциясы, біреуінен энтеровирустық инфекция анықталды. Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады", – делінген хабарламада.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы балалардың сырқаттану себебін зерттеуге кірісті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қажетті сынамалар алып, зертханалық талдау жүргізуде.
Орталықтың әрі қарай жұмыс істеуі тексеру нәтижесіне байланысты шешіледі.
Келесі мақала