Меркілік азаматтан 8 келі марихуана табылды
Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген болатын. Шара барысында Шу ауданының аумағындағы құмға жақын маңда орын тепкен Тасөткел ауылынан 5 шақырым қашықтықтан Меркі ауылының тұрғынын ұстады.
«35 жастағы азаматты тінту кезінде 8 келі 190 гр марихуана «канабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, тиісті сараптамалық қорытынды тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Қойтөриев. – Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025