Жаңалықтар

Меркіліктер мешітке сыйлық жасады

Меркіліктер мешітке сыйлық жасады

Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың ұйымдастыруымен мешіттің колонкасы жаңартылды. Осыдан бірер күн бұрын азан даусының естілмеуіне шағымданған жамағаттың сұраныстары қанағаттандырылды. Ауыл имамы азанның дұрыс естілмеуін халыққа жеткізгені сол еді, ел болып, жер болып атсалысып аз уақыт ішінде мешіттің колонкасын ауыстырып тастады. Ауыл имамы осынау игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.