Жаңалықтар
Мерзімі өткен берешекті өтеудің бірыңғай тәртібі: қарыз алушы-жеке тұлғалар нені білулері қажет
- авторjambylinfo.kz
- 6 қаңтар, 2023
- 214
Мерзімі өткен берешекті өтеудің бірыңғай тәртібі: қарыз алушы-жеке тұлғалар нені білулері қажет
2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда заң жүзінде банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін міндетті тәртіп қолданылады, оның шеңберінде кредитті өтеуде қиындық көріп отырған қарыз алушы өзінің мерзімі өткен берешегін реттеу үшін кредиторға өтінішпен жүгінуге құқылы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) азаматтардан қарыздарды қайта құрылымдау бойынша сұрақтар келіп түсуде.
Fingramota.kz қарыз алушыларға кредит бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда не істеу және қайда жүгіну керектігі жөнінде толығырақ айтып береді.
Агенттік азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тетігі енгізілген сәттен бастап бір жыл бойы тұрақты негізде банктердің және МҚҰ-ның осы тәртіпті қолдануының мониторингі мен талдауын жүргізуде. Кредиттік ұйымдар қарыз алушының өтінішін кезең-кезеңмен қарау процесін қоса алғанда, қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібін қолдануды регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Банктер мен МҚҰ өз клиенттері үшін ресми интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде және бар болса мобильді қосымшаларда ақпарат орналастырады, сондай-ақ call-орталықтар арқылы азаматтарға кеңес береді.
Агенттіктің мәліметінше жасалған кредиттік шарттардың талаптарын өзгерту үшін банктер мен МҚҰ-ға 2022 жылдың басынан бері 273,8 мыңнан астам қарыз алушы жүгінген. Оның ішінде азаматтардың шамамен 70%-ына (199,2 мыңнан астам қарыз алушы) қатысты қарыздар мен микрокредиттерді қайта құрылымдау бойынша жұмыс жүргізілді.
Банктер мен МҚҰ не істеуі керек?
Заңнамалық талаптарға сәйкес кредитор қарыз алушыға төлем мерзімін кешіктіру туралы ол басталған сәттен бастап 20 күн ішінде хабарлауға міндетті. Хабарламада кредиттік ұйымдар азаматтарға:
- туындаған кешіктірудің нақты мөлшерін көрсете отырып, төлем жасау қажеттілігі;
- қарыз алушы-жеке тұлғаның кредиторға жүгіну құқығы;
- кредиттер мен микрокредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамаудың салдары туралы хабарлайды.
Сондықтан, егер қарыз алушы кредит бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда бірінші кезекте оған қызмет көрсетілетін банкке немесе МҚҰ-ға өтінішпен жүгіну қажет. Ешқандай жағдайда кредит берушіден жасырынудың қажеті жоқ! Орын алған жағдайда дұрыс шешім қабылдау қарыз алушының ғана емес, кредиттік ұйымның да мүддесі үшін қажет. Сондықтан, реттеу шаралары неғұрлым ертерек қабылданса, қарызды өтеудің өзара қолайлы нұсқасы соғұрлым тезірек табылатын болады.
Кредит бойынша төлем мерзімін кешіктірген жағдайда қарыз алушы үшін іс-қимыл алгоритмі қандай?
Қарыз алушы төлем мерзімін кешіктірген күннен бастап 30 күн ішінде кредиттік ұйымға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініште мыналарды көрсету керек:
- өз міндеттемелерін орындамау себебі. Қаржылық қиындықтарды растайтын құжаттардың болуы маңызды;
- болашақта кредитті өтеу бойынша өзіне қолайлы нұсқалар.
Заңнамаға сәйкес қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу мыналарды көздейді:
- қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына өзгерту;
- шетел валютасында берілген қарыз бойынша негізгі қарыздың қалған сомасының валютасын ұлттық валютаға ауыстыру;
- негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
- берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде басымды тәртіппен негізгі борышты өтей отырып өзгерту;
- қарыз мерзімін өзгерту;
- айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдердің күшін жою арқылы мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру;
- ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес өткізуі;
- қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына банкке (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру арқылы бас тарту төлемін ұсыну;
- сатып алушыға қарыз шарты бойынша міндеттеме бере отырып, ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз