жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мешіт имамы сотталғандармен сұхбат жүргізді

Мешіт имамы сотталғандармен сұхбат жүргізді
ашық дереккөзі
Мешіт имамы сотталғандармен сұхбат жүргізді
Діни экстремизм мен террозимнің алдын алуда – дін мамандарының үлесі зор. Себебі, дәл осы сала мамандары кейбір мұсылман бауырларымыздың діннің сыртқы формасына ғана назар аударып, ішкі мәніне үңілмегенін тап басып айта алады. Осы ретте түзеу мекемелеріндегі дін жолында жүрген жазасын өтеушілермен кездесудің мәні зор. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде дін жолын ұстанатын бірнеше сотталған азамат жазасын өтейді. Олармен мекеме теологтары тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, жат ағымның жетегінде кетпеуін қатаң бақылауға алған. Бұдан бөлек, жабық мекемеге облыс орталығындағы мешіт имамдары арнайы келіп, сотты болғандармен сұхбат жүргізеді. Мәселен, «Хамракул» мешітінің имамы Хамидулла Ахметов жазасын өтеушілермен болған кездесуде дін жөнінде жалпы мағлұмат берді. Сондай-ақ мешіт қызметкері сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтардың көкейінде жүрген сан сауалына нақты жауап беріп, алдағы уақытта дәстүрлі ислам түсінігін нығайту қажеттігіне тоқталды. Кездесу соңында мешіт имамы Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Нағыз мұсылман – өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян келтірмеген адам», - деген хадисін естен шығармаған жөн екенін баса айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар