Жедел іздестіру шаралары кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келіп, ішінде төсеулі тұрған екі бірдей кілемді алып кеткен.
«Тәртіп сақшылары әйелден айғақты зат ретінде кілемдерді тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз