сенбі, 23 қараша, 2024 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мешіттерде неке заңмен тіркеле ме? Министр жауап берді

Мешіттерде неке заңмен тіркеле ме? Министр жауап берді
ашық дереккөзі
Мешіттерде неке заңмен тіркеле ме? Министр жауап берді
Әділет министрі Азамат Есқараев мешіттерде жұптардың неке қиюына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. «Мешіттерге жұптар некесін қиюға барған кезде АХАЖ-дағы құжатты талап ету міндетін қоймай ма?» деп сұрады журналистер министрмен өткен брифингте.
Менің білуімше, ондай талап бар. Мешітке неке қию үшін барған жұптардан алдын ала біздің мемлекеттік органдардың АХАЖ-дың куәлігін сұрайды. Сондықтан мешіттерде ондай құжатты талап ету керек. Зайырлы түрде неке қиылғаннан кейін ғана мешітке барып некесін қию керек, - деді әділет министрі.
«Демек сіз қазақстандықтарға бірінші заңды некесін қиып, содан кейін ғана мешітке баруға кеңес бересіз ғой?» деп сұрады БАҚ өкілі министрден.
Менің ойымша, солай дұрыс. Себебі кезінде өзіміз де солай істейтінбіз. Негізі алдымен АХАЖ орындарына барып некеді қиып, сосын мешітке барып некеді қиюға болады, - деді Азамат Есқараев.
«Ал мешіттердегі неке заңды ма?» деген сұраққа:
Жоқ, әрине ол рәсім ғой. Ресми түрде некені АХАЖ-да тіркеу керек, - деп жауап берді министр.
Сонымен қатар министр «мешіттерде некені заңмен тіркеу қарастырылуы мүмкін бе?» деген сауалға пікір білдірді.
Бұл мәселені қарастырайық. Заң бойынша қалай болатынын және ол әйел мен ер адамның ниетіне де байланысты. Егер ресми түрде тіркелсе дұрыс болады деп ойлаймын. Ешқандай кедергі жоқ, - деді Есқараев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар