Жаңалықтар

Мейкин Азия-2023: Жамбылдық Айна Қалмағамбетова Гран при иегері атанды

Мейкин Азия-2023: Жамбылдық Айна Қалмағамбетова Гран при иегері атанды

Қырғызстанда өткен Мейкин Азия-2023 халықаралық әншілер конкурсында Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Айна Қалмағамбетова Гран при жүлдесін жеңіп алды! Айта кетсек, үш күнге созылған дарындылар байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Мажарстан, Түркия, Солтүстік Кипр, Босния және Герцеговина, Ресей, Болгария, Солтүстік Македония, Словения мен Сербиядан келген 18-35 жас аралығындағы 17 жас орындаушы қатысты. Сонымен қатар 2013 жылы өткен алғашқы «Мейкин Азия» фестивалінде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жеңіске жеткен болатын.