Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев неге жылады

Әншінің жары ерекше тосын сый жасаған

Мархабат Бесбаев жарына, ата-енесіне, жақындарына ерекше тосын сый жасаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мархабат Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасына осыдан 9 ай бұрын аяғы ауыр екенін Мейрамбек Бесбаевқа, ата-енесіне, өз анасы мен құрбыларына қалай жеткізгенін көрсетті. 

Видеодан әншінің жары көзәйнектің футлярына аяғы ауыр екенін көрсеткен "тесті" салып қойған. 

9 жылдан кейінгі қуанышты жақындары көзіне жас алып, эмоцияларын көрсеткен. 

Еске салайық, өткен айда Мейрамбек Бесбаевтың үшінші перзенті дүниеге келді.  Әнші қызына Айзия деген есім берген.