Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев Айзия қызын перзентханадан шығарып алды

Перзентханаға әншінің ата-анасы мен достары барған

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әншісі Мейрамбек Бесбаев жары Мархабат пен жаңа туған сәбиін перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әншінің жары қуанышты сәттен желідегі парақшасына фото-видео жариялаған. 

Видеодан Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасын, қызы мен ұлын және жақын достарын көруге болады. 

Сондай-ақ, әнші ет жақындарының басын қосып, мейрамханада қуанышын атап өткен. 

Ал "МузАРТ" тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев желіде арнайы видео жариялап, өзінің жүрекжарды тілегін жазған.