
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, Денис Теннің жетістігін қайталады. Ол қос бағдарлама нәтижесінде 285.10 ұпай жинап, мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы рейтинг:
Михаил Шайдоров – 285.10 ұпай
Ча Джун Хван – 265.02 ұпай (Қысқы Азия ойындарының чемпионы)
Джимми Ма – 245.01 ұпай.
Бұл жеңіс – Қазақстан мәнерлеп сырғанауы үшін тарихи сәт. Дәл 10 жыл бұрын осы Сеулде Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында топ жарған еді. Енді Михаил оның ізін жалғап, отандық спорттың жаңа белесін бағындырды.
20 жастағы Шайдоров бұл жеңіске сенімді қадаммен жетті. Ол бағдарламасына қазіргі мәнерлеп сырғанауда сирек кездесетін аса күрделі үш аксель + төрт сальхов секірісін қосып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл элемент қазіргі таңда басқа спортшылардың бағдарламасында кездеспейді.
Осыдан біраз бұрын Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында қола жүлде еншілеген Шайдоров бұл жолы Азиада чемпионы Ча Джун Хван мен АҚШ өкілі Джимми Маны басып озып, айқын жеңіске жетті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз