Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл мектебінің түлегімен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоғары нәтиже көрсеткен талапкер – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мектебінің түлегі. Министр Жәнібекті жетістігімен құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ талапкерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Кездесу барысында министр еліміздегі жоғары білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының әлеуетіне тоқталды.
Айта кетейік, Жәнібек Әбілхан 19 мамыр күні Шымкент қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында «Математика–Информатика» пәндер комбинациясы бойынша сынақ тапсырып, ең жоғары нәтиже көрсетті. Астанаға алғаш рет келген Жәнібек елордадағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралап, білім беру инфрақұрылымымен танысты.