Жаңалықтар

Министр шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім жайлы айтты

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бүгін педагог ауруханадан шыққан

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семей қаласында шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалидің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Сондай-ақ Ғани  Бейсембаевтың сөзінше, осы оқиғадан кейін бірқатар жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған.

Атап айтқанзда,  Семей қаласы әкімінің орынбасары сөгіс алса, қалалық Білім бөлімінің басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңның орындалуына немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылған. Сонымен қатар, тағы үш директор тәртіптік жауапқа тартылған.

Еске саласақ, жаңа жыл қарсаңында  Семей қаласының орталығында шырша құруға барған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқали биіктен құлап, жансақтау бөліміне жатқызылған болған. Дәрігерлер оған миына қан құйылып, бас сүйектері сынған деген диагноз қойған.