Жаңалықтар

Министр құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуді тапсырды

Министр құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуді тапсырды

ТЖМ-де өткен аппараттық кеңесте ведомство басышысы Сырым Шәріпханов бейінді құрылымдық бөлімшелерге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды, деп хабарлады Jambylinfo.kz  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Осыған байланысты министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылатын болды. Олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың барлық ұсыныстарын ескермек. Жұмыс тобы осы бағыттағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді де зерттейтін болады.