жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Министрге хат" акциясы: Ғани Бейсембаев жамбылдық оқушымен кездесті

"Министрге хат" акциясы: Ғани Бейсембаев жамбылдық оқушымен кездесті
Фото - ашық дереккөз
Айта кетейік, балалар министрге өз ойларын, ұсыныстарын және армандарын хат арқылы жолдаған еді.

 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Министрге хат" акциясы аясында Жамбыл облысының оқушысымен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Акция аясында бір айдың ішінде министрге еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалардан 235 хат түскен. 

 Ғани Бейсембаев бұл бастама оқушылардың пікірін тыңдап, олардың идеяларын білім беру саласында ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу барысында оқушы өз ойларымен бөлісіп, мектептегі оқу үдерісі мен қосымша үйірмелер жайында ұсыныстарын жеткізді. Министр баланың бастамасын қолдап, барлық ұсыныстар қарастырылатынын айтты.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, акция аясында келіп түскен хаттардың барлығына дерлік жауап берілуде. Ал кейбір хат иелерімен министр өңірлерге жұмыс сапары барысында жеке кездесіп, сұқбаттасуды жоспарлап отыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар