бейсенбі, 3 қазан, 2024 18:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министрлік дәрігерлердің қауіпсіздік мәселесін шешуді ұсынды

Министрлік дәрігерлердің қауіпсіздік мәселесін шешуді ұсынды
ашық дереккөзі
Министрлік дәрігерлердің қауіпсіздік мәселесін шешуді ұсынды
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне науқастар тарапынан жасалатын шабуылдар мәселесін шешудің жолын ұсынды. Бұл туралы аталған ведомство әзірлеген арнайы тұжырымдамада баяндалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Тәжірибе көрсеткендей, пациенттер медициналық қателік жіберген дәрігерлерге шағымданып қана қоймайды, сонымен қатар дәрігерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кереғар әрекеттерге барады. Қаңтар айындағы төтенше жағдай кезінде 20 денсаулық сақтау нысанына шабуыл жасалды. Оның ішінде бес стационар, бір МСАК нысаны, Алматыда орналасқан 14 дәріхана бар. Осы кезеңде жеті медицина қызметкері зардап шекті, оның бесеуі Алматыда, біреуі Шымкент пен Алматы облысында. Сонымен қатар, лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жедел медициналық жәрдем қызметінің медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау фактілері бар. Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасалған жағайда оларды құқықтық қорғау тетігі қажет.
Емдеуші дәрігер медициналық ұйымның (бөлімшесінің) тиісті лауазымды адамымен (басшысымен) келісім бойынша пациентті бақылаудан және оны емдеуден 3 шарт бойынша бас тарта алады: 1) пациентті басқарудан бас тарту оның өміріне қауіп төндірмейді; 2) емдеуді жүргізуден бас тарту басқалардың денсаулығына қауіп төндірмейді; 3) жүргізуден бас тарту әкімшілік басқарманың лауазымды адамымен келісілген. Осы ұсыныстар негізінде дәрігер мен пациенттің құқықтық қатынастарын нормативтік құқықтық реттеу тетігін әзірлеу қажет. Осыған байланысты психикалық мінез-құлық бұзылысы ауруы бар адамның, оның ішінде есірткі заттарын қолданумен байланысты адамның әлеуметтік қауіптілігі ретінде жаңа тұжырымдаманы енгізу ұсынылады», - деп көрсетілген құжатта.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар