Жаңалықтар

Министрлік дәрігерлердің қауіпсіздік мәселесін шешуді ұсынды

Министрлік дәрігерлердің қауіпсіздік мәселесін шешуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне науқастар тарапынан жасалатын шабуылдар мәселесін шешудің жолын ұсынды. Бұл туралы аталған ведомство әзірлеген арнайы тұжырымдамада баяндалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Емдеуші дәрігер медициналық ұйымның (бөлімшесінің) тиісті лауазымды адамымен (басшысымен) келісім бойынша пациентті бақылаудан және оны емдеуден 3 шарт бойынша бас тарта алады: 1) пациентті басқарудан бас тарту оның өміріне қауіп төндірмейді; 2) емдеуді жүргізуден бас тарту басқалардың денсаулығына қауіп төндірмейді; 3) жүргізуден бас тарту әкімшілік басқарманың лауазымды адамымен келісілген. Осы ұсыныстар негізінде дәрігер мен пациенттің құқықтық қатынастарын нормативтік құқықтық реттеу тетігін әзірлеу қажет. Осыған байланысты психикалық мінез-құлық бұзылысы ауруы бар адамның, оның ішінде есірткі заттарын қолданумен байланысты адамның әлеуметтік қауіптілігі ретінде жаңа тұжырымдаманы енгізу ұсынылады», - деп көрсетілген құжатта.