Министрлік мұғалімдерді алаяқтардан сақ болуға шақырды

Қазақстандық мұғалімдерге жалған тексеру жайлы хабарламалар келіп жатыр
StopFake жобасы Қазақстан мұғалімдеріне белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, жалған ақпарат тарататын алаяқтар көбейгенін ескертті.
Олар өздерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстырып, барлық білім беру мекемесінде тексеру жүргізілетінін айтады.
Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, білім саласындағы бақылау мен қадағалау тек заң аясында жүргізіледі. Әсіресе, тексеру жеке мұғалімдерге емес, мекемелерге бағытталатыны ерекше атап өтілді.
Министрлік мемлекеттік бақылаудың келесі түрлерін еске салды:
Біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру – жылына кемінде бір рет;
Бару арқылы профилактикалық бақылау – әр алты айда бір рет;
Бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау (мемлекеттік аттестаттау) – бес жылда бір рет.