Жаңалықтар

Моңғолия мен Қытайдағы шаңды дауыл Токиоға жетті

Моңғолия мен Қытайдағы шаңды дауыл Токиоға жетті

Моңғолия мен Қытай жақтан келген шаңды дауыл бейсенбі күні Токиоға жетті. Бұл туралы жапон ұлттық метеорологиялық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ТАСС-қа сілтемемен. Бұл табиғи құбылыс Токиода соңғы рет 2021 жылдың мамырында болған. Бұған дейін бірқатар Жапония префектурасының, соның ішінде Нагасаки, Фукуоку және Тоттори билігі жергілік тұрғындарды жолда абай болуға шақырған еді. Бұдан бөлек, тұрғындарға балконда киім кептірмеуге, балаларға көшеде ойнамауға, масқа тағуға кеңес берілді. Метеорологтер таяу күндері шаңды дауыл Жапонияның бүкіл аумағын басып қалуы мүмкін деп болжап отыр. Бұған дейін сәрсенбіде Қытай астанасына шаңды дауыл келгені туралы хабарланған болатын, осыған байланысты жергілікті билік ауа райы қаупінің «сары» деңгейін жариялады.