
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Ұлан-Батыр қаласындағы «Fast Academy» білім беру орталығында қазақ тілін оқытуға арналған жаңа сыныптың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің қызметкерлері, «Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий аймағының жерлестер алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдос Абила, «Fast Academy» орталығының директоры Ерболат Ашик және жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Заманауи құралдармен жабдықталған бұл сынып балалар мен жастардың ана тілін терең меңгеруіне және қазақ халқының бай мәдени мұрасын танып-білуіне мол мүмкіндік береді.