Жаңалықтар

Мохамед Салах қай футболшылармен бір клубта ойнағысы келетінін айтты

Мохамед Салах қай футболшылармен бір клубта ойнағысы келетінін айтты

«Ливерпуль» ойыншысы Мохамед Салах қай ойыншылармен бір клубта ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мысырлық футболшы Лионель Месси («Интер Майами»), Криштиану Роналду («Әл-Наср») және Кевин Де Брёйне («Манчестер Сити») секілді аяқдоп шеберлерімен бір клубта өнер көрсеткісі келетінін алға тартты.