Жаңалықтар

Монополияға қарсы қызмет Ұлттық сертификаттау орталығын тексеріп жатыр

Монополияға қарсы қызмет Ұлттық сертификаттау орталығын тексеріп жатыр

Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу кезінде үстем жағдайды теріс пайдаланды деген күдікпен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сәйкестікті растау (сынау, сертификаттау, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді декларациялау) және метрология (өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу) қызметтері нарықтарындағы бәсекелестік жай-күйіне талдау жүргізді. Ұлттық орталық үстем жағдайға ие бола отырып, кейбір қызметтердің бағасын көтерген. Тергеу қорытындысы бойынша Ұлттық орталықтың жоғарыда көрсетілген қызметтерге бағаны көтеру жөніндегі іс-әрекеттеріне тиісті баға берілетін болады.