Жаңалықтар

Мопед иелері енді А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты

Қазақстанда 2025 жылдың 4-ші сәуірінен бастап, мопед жүргізушілеріне қатысты өзгерістер іске қосылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өзгерістерге сай, жүргізуші куәлігі жоқ адам мас күйінде көлік басқарып ұсталса, ол жүргізуші куәлігіне 7 жылға дейін емтихан тапсыра алмайды. Осындай талаптар медициналық куәландырудан өтпегендерге қатысты да қойылады.