Жаңалықтар
Мопедистердің кінәсінен екі күнде 3 адам қаза тапты – ІІМ
- авторjambylinfo.kz
- 3 қазан, 2023
- 271
Мопедистердің кінәсінен екі күнде 3 адам қаза тапты – ІІМ
Елімізде электрлі самокаттар мен мопед жүргізушілері көбейе бастады. Бұл туралы Ішкі істер бірінші вице-министр Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, қыркүйек айында ғана самокат жүргізушілері тарапынан 1,7 мыңнан астам бұзушылық анықталды.«Соңғы жылдары электр самокаттар мен мопедтер көбейді. Олардың саны енді артпаса, төмендемейді. Тек соңғы екі күнде мопедистердің кінәсінен 3 адам қаза тапты. Биыл 30 тамызда Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген заң жобасы қабылданды. Онда электр самокат ұғымы, жүріп-тұру ережелері, сондай-ақ олардың жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері бекітілген. Бұл шаралар олардың жүрісін реттеуге мүмкіндік берді, ал полицияда ықпал етудің нақты тетіктері пайда болды», - деді Марат Қожаев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.
«Оның ішінде 562 факті бойынша кәмелетке толмағандар болып шықты. Бұл мәселені полиция арқылы шешу мүмкін емес. Әкімдіктер тарапынан инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қажет, бөлінген жолақтарды жайластыру, жеке веложолдар салу, электр самокаттардың қозғалысына тыйым салынған аймақтарға бөлу керек», - дейді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз