сәрсенбі, 16 қазан, 2024 1:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мойынқұм ауданында күзгі ағаш отырғызу акциясы өз жалғасын табуда

Мойынқұм ауданында күзгі ағаш отырғызу акциясы өз жалғасын табуда
ашық дереккөз
Бүгін Республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында Мойынқұм ауылының екі жасыл белдеуінде демеушілер көмегімен 300 қара ағаш, 200 терек және 25 туя отырғызылып, суғарылды. Бұл орындар арнайы қоршалған және суару жүйелермен қамтамасыз етілген.

Іс-шараға аудан әкімдігінің бөлімдері, аудан орталығындағы мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары мен партия депутаттары белсенді атсалысты. Қатысушылар демеуші азаматтарға алғыстарын білдіре отырып бірлікпен және көңілді жұмыс атқарып, ағаш көшеттерін жылдам отырғызып тастады. Алдағы уақытта да акция жалғасын таба беретін болады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар