бейсенбі, 4 шілде, 2024 22:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мойынқұм ауданында жел электр станциясы салынады

Мойынқұм ауданында жел электр станциясы салынады
ашық дереккөз
Мойынқұмда жел электр станциясы салынады.

Бұл туралы күні кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «TotalEnergies Renewables Services Kazakhstan» ЖШС-нің бас директоры Тьерри Плезанмен кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараптар Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселесі бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы үкіметаралық келісімнің іске асырылу барысын талқылады. Қазіргі таңда жобалау кезеңі жүріп жатыр. Жақын арада зерттеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ербол Қарашөкеев инвесторларға заң аясында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындардан білікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінді» деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін компания Шу ауданында күн электр станциясын қолданысқа берген. Нәтижесінде 15 жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан. Кездесуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қабылданған  шаралар қаралды. Өткен жылы компания Шу ауданында футбол алаңы мен спорт алаңшасын салған.

Айта кетейік, президент өз Жолдауында кемінде 14 ГВт көлемінде қосымша қуат көздерін іске қосуды тапсырған еді. Үкімет Президент тапсырмасымен елімізде баламалы энергия көздерін арттыруға баса назар аударып келеді. Сондай-ақ елдегі энерге­ти­­калық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақ­сатында Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары қабылданған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар