дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мойынқұмдағы ерекше жандар елеусіз қалмайды

Мойынқұмдағы ерекше жандар елеусіз қалмайды
turaninfo.kz
Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектігі бар азаматтарды оңалтып, олардың қоғамға бейімделуі үшін ауқымды жұмыстар атқарып жатыр,- деп хабарлайды Жамбылинфо Turaninfo.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мойынқұм ауданы бойынша барлығы 733 мүгедектігі бар азаматтар тіркелген, оның ішінде І топтағы адамдар саны 64, ІІ топтағы адамдар саны 245, ІІІ топтағы адамдар саны -315, мүгедектігі бар бала саны-109 құрайды. мМүгедектік тобы бар зейнеткерлер — 56. Мүгедектігі бар жандар аудан халқының 2,1 пайызын құрайды.

2023 жылдың 30 қарашасында «3 желтоқсан — Халықаралық мүгедектер күніне» орай «Айсымбат» мейрамханасында аудандық шағын үйде тәрбиеленіп отырған тірек қимыл аппараты бұзылған және психологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларға және үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алушы балаларға арналып мерекелік думан ұйымдастырылды.

Көңілді шараға балалармен қатар жалғыз басты қарттар шақырылып, дастархан жайылып, концерттік бағдарлама қойылып, сый-сияпат көрсетілді. Өткен жылдың 28 желтоқсан күні аудан орталығындағы тірек қимыл аппараты бұзылған және психологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйде жаңа жылдық шырша ұйымдастырылып, аудан әкімі А.Балқыбеков шағын үй балаларының өнерін тамашалап, балаларды жаңа жылдарымен кұттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар тапсырды.

«Шағала мининг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Каспий» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілік жасап, аудандағы мүгедектігі бар 110 балаға жаңа жылдық тәттілерді сыйға тартып, қуантты.

Мойынқұм аудандық «AMANAT» партиясы, аудандық спорт бөлімі және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар адамдар арасында спорттық іс- шара ұйымдастырып, онда шахмат, дойбы сияқты спорт түрлері арасында жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға марапаттар (қаржылай, заттай) берілді.

Ағымдағы жылы 20 наурыз күні тірек-қимыл аппаратары бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арнайы қазақ үй тігіліп «Әз-наурыз» атты мерекелік ic-шара ұйымдастырылып, наурыз көже таратылып, спорттық ойындар (қол күрестіру, дойбы, доп лақтыру, арқан тартыс) ойнатылып, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.  Орталық алаңда «Балалар күлкісі-әлемнің көркі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тас жолға суреттер салудан жарыс ұйымдастырылып, демеушілердің көмегімен бүлдіршіндерге балмұздақ және сусындар таратылды.

Қарттар күніне орай мүгедектігі бар адамдар мен жалғыз басты 30 қартқа демеушілер есебінен 30 8000 теңге көлемінде азық-түлік себеттері таратылып,берілді.

Бүгінгі таңда аймақта мүмкіндігіні шектеулі ерекше азаматтар мен денсаулығында қандай да бір мәселесі бар жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын толық сеніммен айта аламыз.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар