Мойынқұмдағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады
Бүгін, 6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Ауданда 17472 дауыс беруші азамат бар және барлық 26 сайлау учаскелері сағ. 07:00-де мемлекеттік әнұран орындалуымен өз есіктерін айқара ашты. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Референдум – азаматтардың елді басқаруға қатысуының қуатты құралы. Бұл өз пікірін білдіру және елдің болашағына әсер ететін шешімге әсер ету мүмкіндігі. Мұндай тақырыптарды талқылау шешім қабылдауға жауапты көзқарасты қалыптастырады және демократиялық процестерді нығайтады. Референдумдар нәтижесінде шикі шешімдердің алды алынып, наразылық пен түсініспеушілік бтуындамайды. Үкімет пен халық арасындағы сенімді дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болашақ саясатты әзірлеу кезінде референдум нәтижелерін ескеру маңызды. Бұл үдеріс Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға және бірлесіп шешуге жағдай жасайды.