дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мыңнан астам жаңа балық шаруашылығы құрылады - министр

Мыңнан астам жаңа балық шаруашылығы құрылады - министр
ашық дереккөзі
Мыңнан астам жаңа балық шаруашылығы құрылады - министр
Елімізде балық өсіру субъектілерінің 280-ге жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, Балық саласын дамыту бағдарламасының арқасында бизнестің іскерлік белсенділігі арта бастады. Мысалы, 2020 жылмен салыстырғанда балық өсіру субъектілерінің саны 2 есеге өсіп, 380-ге жетті. Өсірілген балық көлемі 5 жыл ішінде 3 мың тоннадан 5 есе артып, 15 мың тоннаға дейін өсті. «Қазір мыңнан астам жаңа шаруашылық құру жоспарлануда. Оның 47-сі ірі бизнес түрі, ал инвестицияның жалпы көлемі - 150 млрд теңге құрайды. Мемлекеттік қолдау іс-шараларын күшейту Мемлекет басшысының Алматы және Атырау облыстары тұрғындарымен кездесу барысында берген тапсырмасына сәйкес пысықталуда», - деді Серікқали Брекешев. Министр бизнес үшін қолайлы жағдай жасаудың заңнамалық негізі «Акваөсіру туралы» заң жобасында қарастырылатындығын айтады. «Заң тұжырымдамасы қыркүйекте ведомствоаралық комиссияда бекітілді. Заң жобасын Парламентке 2023 жылдың қараша айында енгізу жоспарлануда», - деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар