Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан субұрқақтарынан ішек таяқшасы табылды: 40 бала ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан субұрқақтарынан ішек таяқшасы табылды: 40 бала ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан субұрқақтарынан ішек таяқшасы табылды: 40 бала ауруханаға түсті. Санитарлық дәрігерлер елордадағы субұрқақтарды тексеріп, ішек таяқшасы инфекциясын тапты. Жаз басталғалы ішек таяқшасы инфекциясымен дәрігерлерге 264 адам жүгінген, 40 бала стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Энтеровирустың таралуына дәл сол субұрқақтар себеп болды дейді мамандар. Ішек таяқшасы инфекциясының таралуы елорданың оң жағалауындағы қала тұрғындарының сүйікті жерінде басталған. Онда балалар барлық тыйымға қарамастан өздеріне "жағажай" демалысын ұйымдастырады. "Бұл субұрқақтарда қаңғыбас иттер жиі шомылып, құстар су ішеді. Ал олардың вирус тасымалдайтыны барлығына белгілі. Суда ішек таяқшасы инфекциясын жұқтырып қана қоймай, А гепатиті мен конъюнктивит жұқтыру ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар ыстықта суда бактериялар тез көбейетінін ұмытпаған жөн", - деді Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Аяжан Қалқабекова. Дереккөз: Спутник сайтынан