Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 23 шілдеден бастап жаңа шектеулер енгізіледі

Нұр-Сұлтанда 23 шілдеден бастап жаңа шектеулер енгізіледі

Елордада коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсуіне байланысты карантиндік шектеу шаралары қабылданды науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру; COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру; адам көп жиналатын орындарға (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базар, концерт зал, театр, кинотеатр, стадион, спорт ғимараттары) барған кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және тамақтану кезінде қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу ұсынылады; 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиындарды онлайн форматқа көшіру ұсынылды; Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты себепсіз адам көп жиналатын орындарға бармауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады.