Жаңалықтар

"Нұрбекке күміс бұйырды": Қазақстан екі олимпиада қатарынан алтынсыз қалды

Нұрбек Оралбай Париж олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Париж олимпиадасында 80 келіде бокстасқан қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижняктан жеңіліп, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Нұрбек Оралбай ақтық сында Александр Хижняктан айласын асыра алмай, 3:2 есебімен есе берді. 

Жарыс басталғаннан украин боксшысы бірінші нөмірде жұдырықтасты. 

Жерлесіміз де қарымта соққылар қайтарумен болды. 

Екінші раундта боксшылар теңескенімен, үшінші раундта төрешілер жеңісті Александр Хижнякқа берді. 

Осылайша, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан екінші олимпиада қатарынан алтын медальсіз қалды. 

Еске салсақ, 2020 жылы өткен Токио олимпиадасында қазақстандық боксшылар финалға шыға алмай, 2 қоланы қанағат тұтқан еді. 

Айта кетейік, қазіргі кезде  Қазақстан қоржынына жетінші медаль бар.  1 алтын, 3 күміс, 3 қола.