сәрсенбі, 18 қыркүйек, 2024 5:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұрболат Абдуллинге қыздармен вальс билегені үшін 300 мың айыппұл салынды

Нұрболат Абдуллинге  қыздармен  вальс билегені үшін 300 мың айыппұл салынды
Сурет ашық дерекөзден алынды
Отандық өнер иесі қыздармен кезектесе вальс билеген видеосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын

«Соңғы видеоға «штраф» келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр. 300 мың теңге төледім», – деп жазған әнші түбіртектің суретімен бөлісті. Әншінің балауса қыздармен билегені оқырмандарына жақпай қалса керек, әзіл-шыны аралас түрлі пікір жолдады.  Ал айыппұлды әйелінің картасына жібергенін әсіресе жарыса жазды. Ал видеоға пікір білдіргендердің дені әзілге ден қойғандар сыңайлы. Олар әншіге « Кел, билейік вальс», «Менімен бір рет вальс билесең, қайтып қыздарға беттей алмай қалар ең», «Төсек салып қойдым, біздің үйге қоныңыз», «Бүгін көлікте ұйықтайсыз-ау», «Бүгін билеп алыңыз, ертең кешірім сұрап тұрған видео күтеміз», «Басқаға емес, әйеліңізге айыппұл төлегеніңіз жақсы болған» деді желі қолданушылары. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар