Жаңалықтар

Нұрлан имам әлеуметтік желі арқылы 2 мың доллар табыс тапқанынан бейхабар болған

Имам желіде жиналған ақшасына қажылыққа жолдама алып, оқырманына сыйлағысы келеді

Танымал мобилограф Қыран Талапбек Нұрлан имамның әлеуметтік желідегі парақшасынан видео жолдады, –  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Блогер дін өкілінің Tiktok  парақшасының теңгерімін тексеріп отырып, шотта біршама қаражат тұрғанын қуана хабарлайды . Нұрлан имам болса, мұндай табыс туралы мүлде білмегенін жеткізді. Алдағы уақытта Нұрлан имам бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ.